"3 жасар бала мерт болды": Ұлытау облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті

244

Ауыр жарақат салдарынан 3 жастағы бала оқиға орнында тіл тартпай кетті. 

"3 жасар бала мерт болды": Ұлытау облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып кетті Фото: globalnews.kz

Жезқазған-Сәтбаев тас жолындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі баласы бар әйелді көлік қағып кетті. Қайғылы жағдай “Восток” кооперативіндегі “Дача” аялдамасының жанында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

3 жастағы баласын жетектеп жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелдің жанында жаңа туған нәрестесі де болған. Жол апатына 36 жастағы жүргізуші себеп болған. Ауыр жарақат салдарынан 3 жастағы бала оқиға орнында тіл тартпай кетті. 

“Әйел мен сәби ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Водомстводағылар көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу