3 жасар баланы өлтірген күдіктіге ел аумағында іздеу жарияланды

2541

Іс ҚР ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды.

3 жасар баланы өлтірген күдіктіге ел аумағында іздеу жарияланды

Қарағанды облысында ұрланған баланы өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігітке республикалық ауқымда іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іздеу жұмыстары екі тәуліктен астам уақытқа созылып, полиция мен ұлттық ұланнан, еріктілерден құралған 600-ден астам адам тартылған болатын. Іздеу барысында иісшіл иттер мен дрон да пайдаланылған. Бір жақтан полиция қызметкерлері күдікті келуі мүмкін деген орындарға бақылау орнатқан.

Кеше сағат 10.00-де Бұрма ауылының шетінен зорлықтан өлген 3 жасар баланың денесі табылған.

"Мүрдені үстіне ағаштың бұтақтарымен бүркеп кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қосымша мәліметтер сараптамадан кейін белгілі болады. Баланың денесі сараптамаға жөнелтілді", – дейді Қарағанды облысының полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин

Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жедел топ баланың денесі табылған ауданды тінтуде. Күдіктіні табу үшін күшейтілген режимде жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Іс ҚР ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу