3 жасар қызын қорлықпен өлтірген қылмыскерге үкім кесілді

1342

Қатыгез әке алдымен қызын зорлап, артынан 38 рет пышақтап өлтірген.

3 жасар қызын қорлықпен өлтірген қылмыскерге үкім кесілді

3 жасар қызын зорлап, артынан пышақтап өлтірген ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін Түркістан облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты 41 жастағы қылмыскерге осындай үкім шығарды.

Жантүршігерлік оқиға өткен жылдың күзінде Ордабасы ауданының Боржар округындағы жазғы жайлауда болған. Күдікті фермердің малын бағып, әйелі және үш жасар қызымен бірге сол жердегі шағын үйде тұрған. Әйелі қонаққа кетіп, 6 қазанға қараған түні қылмыскер кішкентай қызы екеуі үйінде қалған. Жалғыз өзі бір жарым литр спиртті ішіп тауысқан соң, кішкентай қызына қорлық көрсеткен. Анықталғандай, қатыгез әке алдымен қызын зорлап, артынан 38 рет пышақтап өлтірген. Сотта ер адам қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды.

"Аталған тұлға 99-бабы екінші бөлігі, 3-5-14 тармақтарымен кінәлі деп танылды. 120-бабы 4-бөлігі, 121 бабы 4-бөлімімен кінәлі деп танылды. Сот тергеуінде анықталғандай, 3,5 жасар қыздың денесіне, 38 рет жарақат салған. Өлтірердің алдында осындай әрекеттер жасаған. Соның бәрін таразыға салып, сот аталған тұлғаны өмір бойы бас бостандығына айыруды жөн деп тапты",– деді облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу