3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болды

269

Әскери бөлемде өлім неге азаймай тұр?

3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болды Фото: gov.kz

Елімізде соңғы кездері әскери бөлімдерде әлімжеттіктің кесірінен сарбаздардың мүгедек болып, тіпті тірі қайтпай жататын жәйттер жиіліп кетті. Ресми дерекке сүйенсек, 3 жыл 9 айда Ұлттық ұлан қатарындағы 58 әскери қызметші мерт болыпты. Бұл туралы бүгін AMANAT партиясында өткен іс-шарада Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Ұлттық ұлан қатарында соңғы 3 жыл мен 2024 жылдың 9 айында 58 әскери қызметші қайтыс болса, оның 11-і қатардағы сарбаз. Қалғандары офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер. 2022 жылы 2 сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде жауынгерлік қызметін атқару кезінде қаза болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі әскери қызметші мерт болды. Олар келісімшарт бойынша қызмет атқарған. Негізгі себебі – демалыс кезінде немесе қызметтен бос уақытында өз көлігінде не жолаушы ретінде жол-көлік оқиғасында қаза болуы", – деді ол.

Бас қолбасшы орынбасарының дерегінше, жоғарыда аталған мерзімде 29 қызметі науқастанып өмірден озған. Олардың ішінде 4 сарбаз бар. Мұнан бөлек, тағы бір әскери қызметші үйінде тоқ соғып мерт болған. Биыл отбасымен демалыста болған келесі әскери қызметші суға батып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу