2023 жылдан бастап шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық салу режимдерінде қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің кірістерінен салықтарды төлеуден босату кезеңі аяқталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
"Осы 3 жыл ішінде жеке кәсіпкерлердің саны 1,1 млн-нан 1,6 млн адамға дейін өсті. Дегенмен, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. 2022 жылы бір дара кәсіпкердің орташа кіріс сомасы 9,2 млн теңгені құрады, 2019 жылы бұл көрсеткіш 5,1 млн теңгені құраған", – деді спикер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу