"3 жыл үйімде тұрып, айтып отырған әңгімеңді": Жігер Ауыпбаев қойшы балаға ренішін білдірді

23875

Әнші Жігер Ауыпбаев "қойшы бала" деген атпен танылған Айдос Каденге ренжулі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"3 жыл үйімде тұрып, айтып отырған әңгімеңді": Жігер Ауыпбаев қойшы балаға ренішін білдірді Фото: Ашық дерек көздерінен

"Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін... Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. "Қайта кірер есігіңді қатты жаппа", "Ішкен құдығыңа түкірме" дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп тиктоктың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын. Мен сен жайлы айтар болсам өнер жолындағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқамын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой!" – деп жазды ол TikTok желіcінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу