3 жылда ауыл шаруашылығына құйылған негізгі инвестиция 44% өскен

1218

Шетелдік инвесторлар аталған салаға инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.  

3 жылда ауыл шаруашылығына құйылған негізгі инвестиция 44% өскен

3 жылда елдегі ауыл шаруашылығына құйылған негізгі инвестиция 44% өсті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, әлемде және Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі өзекті. 

"Оны шешу және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін еліміз бағдарламалар мен құжаттар шеңберінде нақты шараларды қабылдап жатыр. Нәтижесінде соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығында жалпы ішкі өнім 1,4 есе өсті. 2020 жылы 6,3 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспорт көлемі 6% өсіп, шамамен 3,3 млрд доллар болды, - деді министрдің орынбасары елордада өткен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында өткен семинарда. 

Жеңіс Өсербай ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығы артқанын жеткізді. 

"3 жылда ауыл шаруашылығына құйылған негізгі инвестиция 44% өсті, әрі өткен жылы ол 570 млрд теңге болды. Мұндағы жеке инвестицияның үлесі шамамен 70%", - деді вице-министр. 

Сондай-ақ ол агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің орташа жылдық өсімі 7% екенін атап өтті. 

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу