3 жылдан бері Қазақстаннан бидай сатып алуды доғарған Ираннан тапсырыс түсті

900

Осы уақытқа дейін бұл елге Қазақстаннан тек тары ғана тұрақты түрде экспортталып келген болатын. Ал бидайға тапсырыс 3 жыл бұрын 550 мың тоннамен тоқталған.

3 жылдан бері Қазақстаннан бидай сатып алуды доғарған Ираннан тапсырыс түсті Фото: kapital.kz

Иран Қазақстанына бидайына қайта сұраныс беруді бастады. Ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаеваның айтуынша, бұл елге экспорт кезең-кезеңімен жөнелтілмек, деп хабарлайды Atameken Business.

Биыл 500 мың тонна сатылады деп күтіліпті. Келер жылға тағы 1 млн тоннаға тапсырыс алынып қойған.

Осы уақытқа дейін бұл елге Қазақстаннан тек тары ғана тұрақты түрде экспортталып келген болатын. Ал бидайға тапсырыс 3 жыл бұрын 550 мың тоннамен тоқталған.

Жалпы Иран өзі де жылына 12 млн тонна бидай өндіреді. Дегенмен, 81 млн халық бар елге бұл аздық етеді. Сондықтан Қазақстанға сатуды 2 есеге арттыруға тапсырыс жасаған.

Былтыр елімізде 23 млн тонна бидай жиналған. Қазір оның 8,5 млн тоннасы экспортталып қойыпты. 

"Білесіздер, Иран өзі де бидай шығарушы мемлекеттің бірі. Бірақ әрине, бүкіл халықты нанмен қамтамасыз етуге оларға 12 млн тонна жеткіліксіз. Сондықтан, оның негізгі импортерлері ­– Қазақстан мен Ресей. Соңғы 3 жылдан бері олардан сұраныс болмады. Дегенмен, енді қайта тарпсырыс беріп отыр. Иран транзит болуға да дайын", ­– деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу