30 881 инфекциялық төсек орны жабылды

597

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған 103 нысан жабылғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

30 881 инфекциялық төсек орны жабылды

Министр 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жүктелім деңгейі 56%-дан 34%-ға дейін, реанимациялық төсектердің жүктелімі 45%-дан 29%-ға дейін төмендегенін айтты. 

"Резервте 20 мыңға жуық төсек-орын бар", – деді Алексей Цой.

Оның сөзінше, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандар жабылып жатыр. 

"Биыл 25 тамыз бен 18 қазан аралығында барлық өңірлерде 103 нысан, нақты айтсақ, 30 881 инфекциялық төсек орны жабылды", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу