30-дан аса адам суға кетті

701

30-дан аса адам суға кетті

Жерорта теңізінде тунистік кемемен қақтығысқан қайық суға батып кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Апат салдарынан шамамен 30 шақты адам қаза тапқан. Әзірге суға батқан 8 адамның денесі табылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Кеме бортында 78 кісі болған. Бұл туралы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның өкілі айтты.

Оқиға Мальта аралдарының маңында болған. Зардап шеккендерге италиялық жағалау күзеті көмекке келген. Құтқару операциясына 3 катер мен бір кеме жұмылдырылған.

Айта кетейік, Еуропа ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінен бергі ең ауыр көші-қон дағдарысын бастан кешіп отыр. Бұған Африка мен Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар мен экономикалық мәселелер себеп. Шілде айының соңында көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым берген дерек бойынша жыл басынан бері Еуропаға теңіз арқылы 111 мыңнан астам адам қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу