30-ға жуық адамды алдаған алаяқ ұсталды

788

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 2,5 миллион теңгеге жуықтаған.

30-ға жуық адамды алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері 30-ға жуық тұрғынды алдап, ақшасын жымқырған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданған. Бойжеткеннің айтуынша, бейтаныс біреу сеніміне кіріп, алдап, "торға" түсірген. Яғни, мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 1 миллион теңге шығарып беремін деген алаяққа 100 000 теңгесін беріп, алданып қалған.

Бұдан бөлек, аудандық полиция бөліміне осыған ұқсас қылмыстың құрбаны болған тағы бір тұрғын арызданады. Қайтарымсыз 750 000 теңге шығарып беремін деген алаяққа 80 000 теңгесін беріп, алаяққа алданған. Осы жайттар сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді.

Сарыағаш ауданының полицейлері тұрғындарды алдап, ақшаларын алып кеткен алаяқты қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жәбірленушілерден жауап алу барысында, күдіктінің жеке-басын анықтады. Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы полицейлер күдіктіні Сарыағаш ауданындағы өз үйінен ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, ол тұрғындардың сеніміне кіру арқылы осындай істермен айналысып, қайтарымсыз көмек алып беремін деп алдап келген. Қазірдің өзінде осы қылмыстық іс бойынша 30-ға жуық жәбірленуші аталмыш адамның атына арыз берді.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 2,5 миллион теңгеге жуықтаған.

Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған қылмыстардың барлығын бір адам жасағандықтан, қылмыстық істер біріктіріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу