30 ірі шетелдік компания бюджетке салық түсімдерінің үштен бірін төлеген

1420

Олар бюджетке 8,6 трлн теңге аударған.

30 ірі шетелдік компания бюджетке салық түсімдерінің үштен бірін төлеген

2020 жылы елімізде ірі көлемде салық төлеген 30 шетелдік компанияның рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы FinReview.info-ға сілтеме жасап.

Бір жылда Қазақстанда шетелдіктердің үлесі бар компаниялар саны 10%-ға өсті.
2020 жылдың соңында елімізде шетелдіктердің үлесі бар 22,6 мың компания жұмыс істеген. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 2,1 мың бірлікке өскен.

Көбінесе шетелдік компаниялар көтерме және бөлшек сауда саласында жұмыс істейді: 8,8 мың кәсіпорын.

Кейін тізімде құрылыс секторы тұр. Мұнда шетелдіктердің үлесі бар 2,4 мың компания жұмыс істейді. Үздік үштікке кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет көрсету саласы енді: 1,7 мың шетелдік кәсіпорын.

Бюджетке түсетін барлық салық түсімінің үштен бірін 30 ірі шетелдік компания қамтамасыз етіп отыр.

Тұрақты бес жылдық өсімнен кейін мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері теріс динамикаға ие болды. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша төленген салықтардың жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 7,1%-ға азайды.

Бюджетке 8,6 трлн теңге түскен. Бұл төлемдердің үштен бірін 30 ірі шетелдік компания төлеген.

Дәстүрлі түрде салық түсімдерінің негізгі бөлігі мұнай-газ секторының үлесінде: рейтингідегі 30 орынның 13-і. Бұл компаниялардың үлесіне 30 ірі шетелдік салық төлеушілердің барлық төлемінің 72%-ы немесе 1,9 трлн теңге тиесілі.

Кейін рейтингіде 3 темекі компаниясы тұр: "Джей Ти Ай Қазақстан", "Филип Моррис Қазақстан" және "Бритиш Американ Тобакко Қазақстан Трейдинг". Олар 276,8 млрд теңге салық төлеген.

Үздік үштікке металлургия саласы енді. Олар бюджетке жалпы 217,4 млрд теңге салық аударған.

Сондай-ақ рейтингке құрылыс, телекоммуникация, банк секторы, алкоголь және алкогольсіз өнім өндірісінің, инженерия саласы да енді.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу