30 күн оразада елорда мешіттерінде ауызашар беріледі

1738

30 күн оразада елорда мешіттерінде ауызашар беріледі

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Астана мешіттерінде ораза ұстаған жандарға арналған ауыз ашар берілуде, деп хабарлайды kazislam.kz.

Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде 800 адамға арналған ауызашар жасалса, "Нұр Астана" орталық мешітінде 400 жан ауыз ашты.

Елорда мешіттері жыл сайын ауызы берік мұсылман қауымына дастарқан жаюды игі үрдіске айналдырып келеді. Биылғы Рамазанның алғашқы күндерінде ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігіне қарасты қала мешіттерінде ауызашар дастархандары жасалып, онда 1200-ден аса адам ауыз ашты. Мешіт имамдары дастарқан басында қасиетті Рамазан айы, ораза ұстаудың сауабы мен игілікті тұстары туралы кеңінен уағыз-насихат айтып, жұртшылықты имандылыққа ұйыта түсуде.

Айта кетсек, Рамазан айында қала мешіттерінде отыз күн оразада тегін ауызашарлар ұйымдастырылады. Мәселен, "Нұр Астана" орталық мешіті - 400 адамға, "С.Ғылмани" мешітінде - 250 адамға, "Әл-Ғани" мешітінде - 200 адамға, "Әлжан ана" мешіті - 150 адамға, "Төлебай" мешітінде - 50 адамға, "Шейх Кунта қажы" мешітінде - 50 адамға, "Әс-Сәлам" мешітінде - 70 адамға арнап ауызашар дастархандары жайылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу