Қазақстанға 30 мемлекеттің тұрғындары бұрынғыдай визасыз кіре алады

866

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанға 30 мемлекеттің тұрғындары бұрынғыдай визасыз кіре алады

Отырыста эпидемиологиялық ахуалы тұрақты және халықтың басым бөлігі вакцина алған 30 мемлекетке визасыз режимді қайта орнату туралы шешім қабылданды.

Келесі аталған мемлекеттердің азаматтары енді елімізге визасыз сапарлай алады: Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу