Тағы 4 аффилирленген микроқаржы ұйымына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласында 6 микроқаржы ұйымының заңсыз қызметін әшкерелен.
Тексеріс барысында 6 микроқаржы ұйымы бірыңғай құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген. Ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған.
Сот, қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды.
Осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал микроқаржы ұйымы алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді.
Олардың әрекетінен 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал көлемі 30 млрд теңгені құрайды.
Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді. Тергеу жалғасып жатыр.