30 миллион теңге жымқырған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды

562

30 миллион теңге жымқырған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды

30 млн теңге жымқырды деп айыпталған қазақстандық Украинадан экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР бас прокуратурасына сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстанның бас прокуратурасы мен ІІМ интерпол қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде, қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Украинадан Максим Коробко экстрадицияланды. Коробко Ақтөбе қаласында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін күдіктелген. Ол 2013 жылы "Глобус" ЖШС-нан және В.Н. Болтенко деген азаматтан лифт жабдықтарын жеткізіп, орнатамын деген желеумен 30 млн теңгеден астам қаражат алған. Алайда міндеттемесін тиісті уақытта орындамаған", - делінген қадағалау органының Фейсбуктегі парақшасында . 

Ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта Максим Коробко Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу