Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 30 мыңға жуық күрд өкілі наразылық шеруіне шықты. Олар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның уәкілеттілігін күшейтуге бағытталған раферендумға қарсы болды, деп хабарлады Хабар 24.
Шеруге шыққандар Анкарадан Түркияда тыйым салынған "Күрдістан жұмысшы партиясының" жетекшісі Абдулла Оджаланды бостандыққа шығаруды талап еткен.
Бейбіт түрде өткен наразылық акциясын жергілікті тәртіп сақшылары қас қақпай күзетті. Бұған дейін неміс билігі Түркияда 16 сәуірде өтетін референдумға Германияда жүрген 1 миллион 400 мың түрік азаматы дауыс бере алатынын мәлімдеген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу