30 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

1152

30 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстау облысында криминогендік ахуалдың тұрақтылығына полиция қызметінің материалды-техникалық базасының күшейтілуі оң ықпал етті деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бір жыл ішінде арнайы автокөліктің 45 бірлігі, 2­17 портативті және 40­ автомобильді бейнебақылау сатып алынған.

"Облыс бойынша 172 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олардың көмегімен 210 қылмыс ашылып, 30 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен Ақтау қаласына тағы да 500 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған", - делінген ресми хабарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу