30 мыңға тарта қазақстандықтың Telegram-дағы жеке мәліметтері сыртқа тарап кетті

1026

KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметінің мониторингі барысында осындай заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

30 мыңға тарта қазақстандықтың Telegram-дағы жеке мәліметтері сыртқа тарап кетті

Техникалық қызмет таратқан мәліметіне сәйкес, Telegram-каналдардың бірінен мессенджерді пайдаланушылардың жеке мәліметтері туралы 744 мың жазбасы бар файл анықталған. 

"Талдау барысында файлдың құрамында қолданушының ID-і, аты-жөні, телефонының нөмірі мен "өзі туралы" айдары толтырылған мәліметтері бары анықталған. Оның үстіне 30 мың аккаунт қазақстандықтардың телефон нөміріне тіркелгені белгілі болып отыр", - делінген хабарламада.

Telegram-каналдың авторы аталмыш файлды "Құдайдың көзі" деп сипаттаған. ТМД деңгейіндегі ең үлкен сервис 1 млн адамды қамтып, сұраныс бойынша қолданушылар туралы әлеуметтік желілер арқылы жинақталған жеке мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. 

"Бұл жағдайды алаяқтар өз пайдасына жаратуы мүмкін. Олар азаматтардың жеке мәліметтері мен банктегі шотына қатысты ақпаратты білу үшін қоңырау шалып, хабарлама жіберуі ықтимал", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мемлекетттік мекеме азаматтарды кибергигиенаны сақтап, интернетке жеке мәліметтерді жариялаған кезде аса сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу