Коронавирустан 30 мыңнан аса адам емделіп жатыр

982

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 921 адам тіркеліп, емделіп жатқан 1 090 адам жазылып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ мәліметіне сүйеніп. 

Коронавирустан 30 мыңнан аса адам емделіп жатыр

Бұл күнге дейін індет жұқтырғандардың саны 964 749-ға жетіп, олардың 926 136-сы жазылды.

Қазір емделіп жатқандардың жағдайына тоқталсақ, 22 қарашадағы мәлімет бойынша 30 209 адам коронавирус инфекциясынан (26 052 КВИ+ және 4 157 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 527 пациент стационарда, 23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 493 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр, 92 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу