Жиында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 7-16 жас аралығындағы балалар мүгедектік тобы бойынша бөлінетінін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Бала денсаулығының бұзылу дәрежесін және тіршілік әрекетінің шектелуін ескере отырып, заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік тобы бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара балалар ауруының дәрежесіне қарай оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде жәрдемақы мөлшері бөлігін саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғаяды. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады", – деді Серік Шәпкенов.
Қанат Махамбет