30 мыңнан астам жолаушы 2017 жылды пойызда қарсы алды

1239

30 мыңнан астам жолаушы 2017 жылды пойызда қарсы алды

Өткен жылдың 29 желтоқсаннан биылғы жылдың 3 қаңтар аралығында жарты миллионнан астам жолаушы тасымалданды. Оның 92 мың Астанаға тиесілі, деп мәлім етті "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі.

 30 мыңнан астам жолаушы жаңа 2017 жылды пойызда қарсалды.

Жаңа жыл мерекелеріне орай өскен тасымалдау қызметін қамтасамыз ету үшін қосымша пойыздар қосылды.

"ҰҚ "ҚТЖ" АҚ өткізу процессімен айналысатын барлық бөлімшелер жаңа жылдық мерекелер кезінде ерекше тәртіптемемен жұмыс істеді.  Пойыздардың толассыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жетекші құрам кезекшелігі ұйымдастырылды. Барлық теміржол тораптарында қауіпсіздікті күшейту аясында қосымша шаралар қабылданды.

Жүк тасымалдау мен магистральдік желі жетекшілері мереке күндері станциялардағы қозғалыс қауіпсіздігін тексерді.

Сонымен қатар жолшыларда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан пойыздардың өткізілімін қадағалап, күшейтілген тәртіптемеде қызмет атқарды. Боран, көктайғақ пен тұманға байланысты сол күндері төрт көлік жоларналары жабылған.

Өткен алты күн ішінде 29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін 18 мың шақырым қар темір жолдарынан тазартылды.  120 мың текше метр қар жинап алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу