30 наурыз күні елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

121

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 наурыз күні елдің бірқатар бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

30 наурыз күні елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі Фото: canva

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде жауын-шашын күшейеді.

Елдің басым бөлігінде, соның ішінде Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бірқатар өңірде жел күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу және Алматы облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында шаңды дауыл болжанып отыр.

Сонымен қатар, Қостанай, Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстарының кей бөліктерінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу