30 шілдеде Жерде өте қатты магнит дауылы болады

216

Ол кешке қарай максималды бес деңгейдің G3 деңгейіне жетеді. 

30 шілдеде Жерде өте қатты магнит дауылы болады Фото: Москва 24

Ғарыштық зерттеу институтының Күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, 30 шілдеде G1 деңгейлі магнит дауылы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Геомагнит дауылы 31 шілдеде ғана G1-G2 деңгейіне дейін әлсірей бастайды. 1 тамыз түстен кейін қайтадан көтеріліп, кешке G1-G2 деңгейінде сақталады.

2 тамыздан 24 тамызға дейін қалған күндері магнитосфера тыныш болады. Ал 25 және 26 тамызда тағы да магнит дауылы болады деген болжам бар.

Геомагнит дауылы – күн желі ағындарының әсерінен Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Магнит дауылдары электроникаға кедергі келтіруі мүмкін. Ауа райына тәуелді адамдар мұндай кезде өзін нашар сезінуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу