30 тамызда ел аумағында жел соғып, жаңбыр жауады

572

Қазгидромет синоптиктері 30 тамызда ел аумағында болатын құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

30 тамызда ел аумағында жел соғып, жаңбыр жауады Фото: inbusiness.kz

Кәсіпорын мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте - найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында – шаңды дауыл. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында – тұман.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +19+21°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу