30 турист мінген автобус аударылып қалды

1397

Қайыңды көлінен қайтып келе жатқанда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Осының салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алған.  

30 турист мінген автобус аударылып қалды

Адамдардың басы жарылып, қабырғасы, қолы сынған. 14 адамнан түрлі дене жарақаты анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы облысы полиция департаментінің дерегіне сүйеніп.

"Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып шара қолданылды", – деп нақтылады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен турист Ирина Тумаева автобуста 30 турист болғанын, бір баланың құлағын әйнек тіліп, екіге бөліп тастағанын қорқынышпен еске алды.

"Белім қатты ауырады. Отырсам да, жүрсем де сырқырайды. Туристік агенттіктен өтемақы күтіп отырмын. Дәрігерге қаралып, денсаулығымды дұрыстауым керек", – деді турист. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу