Индонезиядағы Оңтүстік Сулавесиде 30 жастағы бес баланың анасы питонның аузынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Mirror басылымының мәліметінше, Сирати есімді әйел көрші елді мекендегі ағасына қонаққа жалғыз кеткен, оның жолы джунгли арқылы өтеді. Ол туыстарының үйіне жетпегендіктен, күйеуі дабыл қаққан. Біраз уақыттан кейін ол әйелін іздеуге шығады.
Ер адам әйелі жүрген жолмен шығып, оның аяқ киімін тауып алған. Тағы біраз жүргенде ер адам әйелін жұтып жатқан үлкен питонды байқайды. Жыланның аузынан Сириатидің аяқтары ғана шығып тұрған. Ер адам питонды өлтіріп, әйелін суырып алған, бірақ ол қайтыс болып кеткен.
Айта кетейік, бұл Индонезияда адам питонға жем болған алғашқы оқиға емес. Биыл маусымда Индонезияның Калемпанг ауылында тұратын әйел із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Біраз уақыттан кейін оның денесі питонның ішінен шығарылды.