30 жастан асқан студенттер жұмыс істеп жүрген адамдар – вице-министр

1230

30 жастан асқан студенттер жоғары оқу орындарына не үшін түседі?  

30 жастан асқан студенттер жұмыс істеп жүрген адамдар – вице-министр

Бұл сұраққа білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, жасы ұлғайған студенттер жоғары оқы орнына білім алу үшін емес, диплом алу үшін түседі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, былтыр 30 мыңнан астам студент білім алып жатқан бір жоғары оқу орнын тексерілген. Оқу орнының жабылатыны жарияланған.

"Білім сапасының төмендігін және жоғары оқу орнының жабылатынын біле тұра, бірде-бір студент басқа оқу орнына ауыстырылмады", – деді

Мирас Дәуленов

Оның сөзінше, кейбір жоғары оқу орындарында студенттер контингентінің жартысынан астамын 30 жастан асқан азаматтар құрайды.

"Мұндай студенттердің білім үшін емес, диплом алу үшін келгенін түсініп отырмыз. 30 жастан асқан студенттерде бірінші курстан бастап тұрақты зейнетақы аударымы жүріп жатқанын атап өткен жөн, яғни олар жұмыс істеп жүрген адамдар", – деді Мирас Дәуленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу