Бұл туралы мәжілісмен өзінің депутаттық сауалында айтты.
“30 жыл бойы көрінгеннің қолында ауылдың жерлері қолды болып кеткен. Халықтың зансыз ауыл шаруашылық жерлеріне ие болғандар оны игермей, оны сатуға, не банкке кепілге қоюға тырысатын.
Екі ортада жемқорлықтың нәтижесінде қарапайым халық пен мемлекеттің мүддесі зардап шекті. Сондықтан да алдағы уақытта жер саласында халық үшін түбегейлі реформа қажет. Оның негізгі мақсаты халықтың жер қатынастарында құқықтарын күшейту және мемлекеттік қорғау болу керек”, - деді ол.
Депутат келесі шешімдерді ұсынды:
- Жер кадастрін ашықтығын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелерінің аты жөндерін ашықтығын қамтамасыз ету;
- Жерге бақылау жасайтын мемлекеттік орган әкімге де, ауыл шаруашылық министрлігіне де бағынбайтын, дербес, Үкімет құрамына кіретін тәуелсіз, дербес Жер ресурстарын басқару Агенттігін құру;
- Үшіншіден, мемлекеттік жер кадастрін бір қолға беру, яғни Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен жер ресурстарын басқару Агенттігіне беру;
- Жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін тергеу шараларын ұйымдастыру кезінде жемқор шенеуніктердің өз атында рәсімделген және заңсыз шығарылған жерлерін тәркілеп қана қоймай, сондай-ақ жерді тәркілеу шарасын олардың отбасы мүшелерінің атында рәсімделген жерлерге тарату.
Бұдан бөлек ол ірі компаниялардың жер қойнауы контрактілері мен жекешелендіру шарттарын жариялау қажет деп санайды.
“Алтыншыдан, жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жермен жасалған махинацияларды алдын алу үшін ЕГКН электрондық Порталдың платформасында заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен алаяқтықпен жермен жасалған шарттарды онлайн мемлекеттік тіркеуді буғаттау және бас тарту жүйесін енгізу қажет”, - деп қорытындылады ол.