30 жыл емес, 14 жылда жылда екі президент көретін болдық – Қазыбек Иса

669

Парламентте президент өкілеттігін жеті жылға ұзартып, мандатын бір мерзіммен шектеу туралы заң қабылданды. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса "шүкіршілік" етеді, деп жазады inbusiness.kz.

30 жыл емес, 14 жылда жылда екі президент көретін болдық – Қазыбек Иса

"Осы біз президенттікке ешқандай мерзімсіз көп сайланудан аузымыз күйген ел емеспіз бе? Отыз жылда еліміз екінші президентке  зорға жетіп отырған жоқ па? Өзіміз екінші президентті көре алмай кетеміз бе деп едік, құдайға шүкір көрдік... Ал жаңа норманы қазір енгізсек, 30 жыл емес, 14 жылда 2 президент болады. Енді президент Тоқаевтың өзі екі мерзім сайлануға мүмкіндік қолында тұрса да, бір мерзім ғана сайлауды өзгермейтіндей етіп, Атазаңға жазып қоюды ұсынып жатқанда, қолдаудың орнына, "неге президент бір рет қана сайлануы керек"  деп, қисық тартып  жатқандарға не деуге болады?", – деді Қазыбек Иса парламенттің бірлескен отырысында.

Оның айтуынша, қазақта жеті саны қасиетті санға жататынын ұмытпауымыз керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу