300-ден аса отбасыға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған

1207

Мемлекетке келген шығын – 28 млн теңге.

300-ден аса отбасыға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған Фото: inbusiness.kz

Түркістан облысында 300-ден аса отбасыға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалғаны анықталды. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өңірдегі учаскелік комиссия қате мәлімет жіберген. Салдарынан 300-ден аса отбасыға 28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған.

"Қазір оның 14 млн теңгесі кері қайтарылды. Заңсыз қаржы толығымен кері қайтарылуы керек, – деді Әсия Темірбаева.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 41,5 мың отбасына 11,2 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Тұрмысы төмен отбасылардың 1-6 жастағы балаларына әлеуметтік пакет берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу