300-ге жуық жетім бала тиісті жәрдемақыларын алмаған - комитет

510

Оларға 2,5 млн теңгеден аса қаржы қайтарылды.  

300-ге жуық жетім бала тиісті жәрдемақыларын алмаған - комитет Фото: azattyq-ruhy.kz

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерісі нәтижесінде 300-ге жуық жетім баланың құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олар жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден аса жәрдемақы алмаған. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерісінен кейін кәмелетке толмағандарға төленбеген жәрдемақы қайтарылды.

"Бұл мәселе әкімдіктердің құзырына жатады. Бірақ біздің комитет жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру – біздің басты міндетіміз. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өскенмен, жәрдемақы ескі АЕК бойынша төленіп келген. Жәрдемақы мөлшерінің айырмашылығы қамқоршылардың шоттарына жіберілді. Осылайша жетім балалардың құқығы қорғалды", – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу