300 мыңнан астам құс жойылды

794

Дегенмен тәулік сайынғы құс өлімінің динамикасы төмендеп келеді. 

300 мыңнан астам құс жойылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов елде тараған құс тұмауына байланысты қанша құс жойылғанын мәлім етті.

"30 қыркүйектегі жағдай бойынша 7 облысының 41 ауданындағы 99 елдімекенде құс өлімі тіркелді. Бүгінгі күні республика бойынша екі құс фабрикасында болған өлім-жітімді ескере отырып, құс тұмауына байланысты барлығы 329 651 бас құс тәркіленіп жойылды. Сонымен қатар, құс тұмауы екі облыста, бір республикалық маңызы бар қалада, 11 ауданда және 18 елдімекенде расталмады. Атап айтар болсам, Шымкент қаласында 165 бас, Түркістан облысында 279, Ақтөбе облысында 25 және Жамбыл облысының бір ауданында 38, Ақмола облысының бір ауданында 18, Павлодар облысының бір ауданында 379, Қарағанды қаласының 4 елдімекенінде - 1, Солтүстік Қазақстан облысы -30 және Қостанай облысында 31 жағдай расталмады. Тәулік сайынғы құс өлімінің динамикасы төмендеп келеді. Өткен тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында құс өлімі тоқтады",  – деді Тұрсын Қабдолданов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу