300 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ – Білім министр

3231

IV тоқсан 6 сәуірде басталады және оқушылар қашықтықтан оқиды.    

300 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ – Білім министр

Өңір басшылары оқушыларын қашықтықтан оқыту үшін 80 мыңнан астам компьютер сатып алады, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Интерфакс-Қазақстан агенттігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда өткен брифингте  Білім және ғылым министрі: "80 мыңнан астам компьютер сатып алу жоспарлануда. Бюджеттік өтінімдер бар, жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде үнемдеу бар. Біз бұл компьютерлерді сатып алып, мектептердің балансына қоямыз, содан кейін оларды оқушыларға пайдалануға береміз", – деген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мектептер балансында тұрған компьютерлер қашықтықтан оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі.    

"300 мыңнан астам балада компьютер жоқ екенін, сондай-ақ бірнеше жүз мың баланың интернетке қосылмағанын білдік. Сол себепті бұл үлкен жұмыс", – деп толықтырды министр .  

Қазақстан оқушылары коронавирус қаупі салдарынан көктемгі каникулға бір апта ерте шыққан еді. Ал IV тоқсан 6 сәуірде басталады және оқушылар қашықтықтан оқиды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу