300 өнерпаз Жаяу Мұсаның күйін орындады

1120

300 өнерпаз Жаяу Мұсаның күйін орындады

Павлодарда өтіп жатқан "Ұлы дала фестивалінде" тұңғыш рет үлкен сахнада 300 өнерпаз Жаяу Мұса Байжанұлының "Құм жылан" күйін орындады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Бүгін күй тартқан 300 домбырашы Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларынан жиналды", - дейді облыстық "Шаңырақ" халық шығармашылығы мен мәдени- сауық орталығының директоры Риза Аяпбергенова. - Әр ауданан 15-18 күйшіден, Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларынан 40-қа тарта домбырашы шақыртылды. Олар өздерінің жетекшілерімен тамыз айының басында дайындықтарын бастады. Күйшілердің ең кішкентайы тоғыз жаста болса, ең үлкен өнерпаз 60-та. Жергілікті композитор Жаяу Мұса Байжанұлының "Құм жылан" күйі үлкен сахнада бірінші рет орындалды. Көпшілік қауымның көңілінен шықты деп ойлаймын,- дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу