300 үміткер Президенттік жастар кадр резервіне алынды

1296

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындысы жарияланды.

300 үміткер Президенттік жастар кадр резервіне алынды

Тізімде жеке сектордан – 102 өкіл, квазимемлекеттік сектордан – 98 және 96 мемлекеттік қызметші бар. Бұл туралы ОҚҚ-дағы  ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қатысқан жиында айтылды, деп хабарлайды ortcom.kz.

Финалға барлығы 13 мыңнан астам өтінім берген екен. Соның ішінен 330 адам іріктелген.

Жиында айтылғандай, үміткерлердің 57%-да алдыңғы қатарлы шетелдік білімі бар, 43%-ы –қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері. Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы 31 жасты құрады.

Қатысушылар арасында еліміздің барлық өңірлерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің (Әзірбайжан, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Түркия және Франция) өкілдері бар.

Еске сала кетсек, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу биылғы жылдың қыркүйек айында басталған болатын.

Жобаның стратегиялық мақсаты – тиімді менеджерлердің жаңа толқынын қалыптастыру және еліміздің жаңа буыны үшін пәрменді әлеуметтік лифтілер жүйесін құру.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 6 кезеңнен тұрды: құжаттарды қабылдау; қабілеттерді тестілеу; тестілеуді верификациялау; әлеуетті бағалау; сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу; ҚР Президенті жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу