3000-нан астам ауыл интернетпен қамтылады

Сондай-ақ 134 ауылда спутниктік трансмиссияны жерүсті трансмиссиясына (РРЖ) ауыстыру жоспарлануда.

3000-нан астам ауыл интернетпен қамтылады Фото: Almaty.tv

Мұның бәрі "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында жүзеге аспақ.

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біздің бірінші мақсатымыз ауылдарда байланыс инфрақұрылымын құру. Оптикалық желілер арқылы Интернетпен қамтамасыз етуді және ауылдардағы үйлерге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы 3 000-нан астам ауылды қамтуды, 60 мың км оптикалық инфрақұрылымды салуды көздейміз", – деді Мусин. 

Бұрында, тек әкімшілік ғимараттар, соның ішінде мектептер, ауруханалар мен әкімдіктерге желілерді тартып, ол ауылдарда интернет бар деген мәлеметті операторлар беретін. Ал нақты үйлер мен тұтынушылар операторлардың коммерциялық мүдделерінің болмауына байланысты байланыссыз қалды.

"Осыған байланысты, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп біз "соңғы мильді" жеткізу үшін арнайы гранттарды, шағын және орта операторларды субсидиялауды көздеп отырмыз.

2020 жылы 1200 ауылға оптикалық желі жеткізілген болатын. Бірақ, әр үйге дейін оптиканы жеткізу дұрыс қолға алынбаған. Біз сол ауылдардағы 300 мың үйді интернетке қосамыз. Одан басқа оптиканы тарту мүмкіндігі жоқ 500 ауыл қалып отыр, оларға спутниктер арқылы Интернет жеткізіледі", – деді Мусин. 

Сондай-ақ 134 ауылда спутниктік трансмиссияны жерүсті трансмиссиясына (РРЖ) ауыстыру жоспарлануда.

Бұл бастамалар қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы интернетке қолжетімділік алшақтығын қысқартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу