304 гидротехникалық құрылыс тұрғындарға қауіп төндіріп отыр

485

Оның 71 пайызында жергілікті құлақтандыру жүйесі жоқ. 

304 гидротехникалық құрылыс тұрғындарға қауіп төндіріп отыр Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су ресурстары министрлігінің деректерінше, республикада мың жарым гидротехникалық құрылыс орналасқан. Оның жартысына жуығы немесе 537-сі жөндеуді қажет етеді. Олардың көбісі су тасқыны қаупі бар аймақтарда орналасқан. Бұл – Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Абай, Жамбыл, Қостанай облыстары. Олар бұзылған жағдайда жергілікті құлақтандыру жүйелерінің болмауы адам шығынына әкеледі. Мұндай жағдай 2010 және 2014 жылдары Алматы және Қарағанды облыстарында болды", - деді ТЖМ басшысы.

Елдегі 304 гидротехникалық құрылыс халықтың өміріне тікелей қауіп төндіреді. Оның 216-сында жергілікті құлақтандыру жүйесі жоқ.

"Олардың серпіліс жағдайында болмауы 2010 және 2014 жылдары Алматы қаласы мен Қарағанды облысында болғандай адам шығынына әкеп соғады. Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында төмен жарақтандырылған. Біз халықты құлақтандыруды әр үй сайын жасаймыз. Бірақ бұл тек су тасқыны кезеңіндегі уақытша шаралар. Жалпы жағдай жылдан жылға қайталанады. Бар проблема өз шешімін таппайды", - деп атап өтті Шыңғыс Әрінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу