305 шенеунік казинода 507 миллион теңге құртқан

573

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, түрлі өңірлердегі 305 шенеунік мемлекеттік қызметте жүргенде ойын орындарына барған.  

305 шенеунік казинода 507 миллион теңге құртқан Фото: egemen.kz

ҚМА Адам ресурстары департаментінің директоры Нұрлан Әдалиев Алматы облысының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде 305 лауазымды тұлғаның 507 миллион теңге шығынға ұшырағанын анықтаған қызметтік тексерудің қорытындысын ОКҚ-да өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазан айында БАҚ-та 305 қазақстандық шенеуніктің казиноға 507 млн теңге жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Қаржы мониторингі агенттігінің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нұрлан Әдалиев жоғарыдағы ақпаратқа қатысты осы фактілер бойынша барлық мемлекеттік органдарда тергеу жүргізілгенін айтты. Әсіресе, ол қаржы мониторингі агенттігіне қатысты фактілерге егжей-тегжейлі тоқталды.

"Егер біздің агенттікке ерекше тоқталатын болсақ, бұл тексерістің қорытындысы бойынша біздің бірқатар қызметкерлер анықталды. Барлық фактілер бойынша қызметтік тексерулер жүргізілді. Төрт қызметкер қызметтік тапсырмаларға байланысты казинода болған, ал екі адамға қатысты екі қызметкер бойынша фактілер расталды, аталған қызметкерлер қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді Нұрлан Әдалиев.

Нұрлан Әдалиевтің айтуынша, қалған қызметкерлер тексеріске дейін қаржы мониторингі агенттігінен жұмыстан шығып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу