305 жанұяға 811 млн теңгенің үстінде несие берілді

690

305 жанұяға 811 млн теңгенің үстінде несие берілді

Батыс Қазақстан облысында 140 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Олардың дені мал бордақылау, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысады.

Былтыр аталған шаруашылықтар 800 млн теңге көлемінде несие қаржысын алған. Оған 4 жарым мың бас ірі қара сатып алынды. Аймақтың агрөнеркәсіп кешені 123 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытындағы жұмыс биыл да жалғасатынын айтады сала басшылары.

"Былтырдың өзінде бізге 9 кооператив құру туралы жоспар берген болатын. Оның екеуі сүт қабылдау пункті, жетеуі мал сою орны болуы керек деген талап қойылды. Бұған қоса біз 261 жеке қосалқы шаруашылық пен жанұялық мал бордақылау алаңдарын құруға міндеттелдік. Қазіргі таңда 305 жанұяға 811 миллион теңгенің үстінде несие берілді. Оған 4 437 мал алады деп есептеп отырмыз", - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Нұрмағанбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу