31 астаналық компания "Алтын сапа" байқауына өтінім берді

1077

Елордада 31 компания "Алтын сапа" байқауына қатысуға өтінім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

31 астаналық компания "Алтын сапа" байқауына өтінім берді

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісовтың айтуынша, 31 компанияның 12-сі қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Олар "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" номинациясында бағын сынайды.

"Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" және "Халық үшін тауар өндіретін үздік кәсіпорын" номинацияларына қатысуға 9 өтінім, "Азық-түлік тауарлары немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын" номинациясында 1 өтінім түсті. Елордада байқауға қатысуға деген қызығушылық жоғары", - деді Алмат Жүнісов.

Байқауға қатысуға өтінім бергендер арасында фармацевтикалық және медициналық, ет өндіретін, тоқыма өнімдері, бекіту-пломбалау құрылғылары, бақылау-индикатор пломбалары, телекоммуникациялық жабдықтар, "ақылды" су есептегіш құралдары, электр энергиясы, газ, люкті ашу датчиктері, макарон өнімдерін компаниялар да бар.

Сараптама тобы өтінімдерді 1-15 тамыз аралығында қарайды.

Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі Қазақстан Президентінің қатысуымен өтеді.

Байқауды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырады.

Айта кетейік, биыл карантин шектеулеріне байланысты "Қазақстанның үздік тауары" байқауы өтпейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу