31 балалар үйінің 2 мыңнан астам тәрбиеленушісі зерттеуден өткізілуде

1196

Зерттеулердің нәтижесі бойынша тәрбиеленушілердің денсаулығы жағдайы туралы ақпарат Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар республикалық деректер банкінде көрсетіледі.

31 балалар үйінің 2 мыңнан астам тәрбиеленушісі зерттеуден өткізілуде

ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2018 жылғы маусым айынан бастап заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, қамқорлықтағы балалардың денсаулығын бақылаудың жаңа форматы енгізілуде, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Медициналық зерттеудің шеңберінде балалар мен педагогтар педиатр, офтальмолог, психиатр, хирург және басқа да салалық мамандардан кеңес алуда. Дәрілерлік бригадалар аталған зерттеулерді жыл ішінде республика бойынша балалар үйілерінде жоспарлап отыр.

Созылмалы аурулар балалық шақта пайда боуын ескере отырып, медициналық зерттеулердің ерте жаста өткізілуі өте маңызды. Медициналық зерттеулер аурудың асқынуын және оның одан әрі ұшынуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Астана, Алматы қалаларының, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының 31 балалар үйлерінің 2000-нан астам тәрбиеленушілері зерттеуден өткізілуде.

Барлық балаларға жүрек-қан тамырлары, эндокринді, құрсақ қуысы және басқа да зерттеулер жүргізілді.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша тәрбиеленушілердің денсаулығы жағдайы туралы ақпарат Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар республикалық деректер банкінде көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу