2026 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жетісу облысы
"Үшарал – Достық" автожолының 84-164-шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).
Ақтөбе облысы
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776–1240 км аралығы ( "EKO oil" жанармай құю бекеті – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
осы бағыттағы автожолдың 1240-1362-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
Павлодар облысы
"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты "Қалқаман" жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.