31 қазанда ЭКСПО-2017 алғашқы павильондары халықаралық қатысушыларға табыстала бастайды

1006

31 қазанда ЭКСПО-2017 алғашқы павильондары халықаралық қатысушыларға табыстала бастайды

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Бразилия ұлттық секциясының комиссары Золтир Чиапеттимен және Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Деметро Буэно Карвальомен кездесуі өтті, деп хабарлайды pm.kz.

Кездесу барысында А. Есімов бразилиялық тарапты көрмені дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті.

"Дүйсенбіде, 31 қазанда, біз алғаш халықаралық павильондарды, сонымен қатар пәтерлерді ЭКСПО-ға қатысушы мемлекеттерге табыстауды бастаймыз", –  деп мәлімдеді А. Есімов.

Өз кезегінде З.Чиапетти жаңартылатын энергия көздері бойынша өз әзірлемелерін Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.

"Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені Бразилияда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 73,5% шамасын құрайды. Бұл біздің болашақ энергиясы бойынша әзірлемелерімізді көрсетудің мүмкіндігі. Елде гидроэнергетика, жел, күн және басқа энергиялар өте жақсы дамыған. Біз осы көрмеде сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз", – деді Бразилия ұлттық секциясының комиссары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу