31 қазанда елімізде жалдамалы тұрғын үй қорын құру бастамасы талқыланады – ҚР ИИДМ

507

Ресми мәліметтерге сәйкес, арендалық баспаналардың тұрғын үй қорындағы үлес салмағы 22%-ды құрайды. Бұл дамыған мемлекеттердегі көрсеткіштермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. 

31 қазанда елімізде жалдамалы тұрғын үй қорын құру бастамасы талқыланады – ҚР ИИДМ Фото: aikyn.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеке жалға беру қорын құру туралы бастаманы талқылау үшін 2022 жылдың 31 қазанында дөңгелек үстел өткізеді, деп жазады inbusiness.kz ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

"2017 жылдан бері пәтерді жалға беру құны екі жарым есеге артқан. Атап айтқанда, бір шаршы метрді жалдау құны 1 329 теңгеден 4 029 теңгеге өскен. Көптеген пәтер иелері өз баспаналарын ешқандай келісімшартсыз өткізеді. Қазақстанда жайлы тұруға кепілдік беретін тұрғын үйді жалға берудің арнайы стандарттары бекітілмеген. Яғни, жалға берудің институционалдық нарығы қалыптаспаған", – делінген ведомство ақпаратында.

Министрлік жалға беру қорын құру туралы бастаманы тұрғын үй мен жалдамалы баспана нарығында қалыптасқан мәселелерді шешудің жолы ретінде ғана ұсынғанын айта кету керек.

Дөңгелек үстелде  коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының барлық қатысушысы өз ұсынысын білдіре алады.

Ақпаратқа сәйкес, ашық талқылаудың өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланбақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу