31 мамыр: Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

617

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр: Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаттары жалпы отырысты бір минут үнсіздікпен бастады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Нәубет жылдары ұлт тарихындағы қасіретке толы ең ауыр кезеңдердің бірі. Біз сол жылдары құрбан болған боздақтарымызға тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық", - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. 

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу