31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1225

Еліміз 1997 жылдан бері, дәл осы күні, кезінде солақай саясаттың кесірінен қынадай қырылған боздақтарымызды еске алып, құрмет тұтады. 

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Фото: akorda.kz

Жалпы зерттеушілердің мәліметінше 1927-1953 жылдары Қазақ даласында 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды.

1993 жылы еліміз жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы арнайы Заң қабылдады. Соның арқасында, жазықсыз құрбан болған 340 мыңнан астам азаматымыз ресми ақталды. Бұл шара әлі де жалғасып келеді. Себебі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу