31 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

421

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 31 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

31 мамырда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады Фото: Turkystan.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа райы болжамына сәйкес, республиканың солтүстігінде, оңтүстік бөлігінде күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен батысында қатты ыстық болжанды.

Синоптиктердің болжауынша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

"Қызылорда облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының орталығында, шығысында, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +32+34°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу