31 мамыр күні көңіл көтеру орындарының жұмысын шектеу керек. Депутаттар осындай бастама көтерді. Айтуларынша, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде теледидар мен радиодағы бүкіл ойын-сауық контентіy шектеу керек. Оған қоса кез келген концерттік және өзге де іс-шаралар, көңіл көтеретін орындар белгілі бір нормаға сай жұмыс істеуге тиіс.
Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков Гүлшара Әбдіқалықованың атына осындай мәнде депутаттық сауал жолдады. Аталған құжатта саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін өткізудің бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу керектігі айтылған. Сонымен қатар, оны Жастар жылымен сабақтастырудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетсек, 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні болып 1997 жылы белгіленген болатын.