31 медицина қызметкеріне 8,8 млн теңге еңбек демалысы төлемі берілмегені анықталды

98

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті.  

31 медицина қызметкеріне 8,8 млн теңге еңбек демалысы төлемі берілмегені анықталды Фото: Freepik

Еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген прокурорлық тексеру барысында "Целиноград аудандық емханасы" ШЖҚ МКК-де 31 қызметкерге еңбек демалысына байланысты төленуге тиіс төлемақының уақытында берілмегені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы берешек көлемі 8,8 миллион теңгені құраған.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты прокуратура тарапынан қадағалау актісі енгізіліп, оның нәтижесінде қызметкерлер алдындағы барлық қарыз толық көлемде өтелді. Сонымен қатар еңбек заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 медицина қызметкерінің еңбекке ақы алу және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты конституциялық құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу